$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Пикабу
Фото: Пикабу

Алматыда әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде 22 қазанда Алматыда "пара алу кезінде әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы ұсталды" деген ақпарат тараған болатын.

ҰҚК-нің мәліметінше, судья пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 (Пара алу) және 190- (Алаяқтық) баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары