$ 494.87  520.65  4.91

Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

Бұл жұмыс тоқтамады.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару келіссөздері жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?» - деп сұраған еді.

Өз кезегінде Ғалымжан Қойгелдиев қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.

«Бұл жұмыс тоқтамады, яғни белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арады бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенемін. Атап айтқанда, бұл бағытта жұмыстар оңай емес», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арызын жолдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 68
Ұнамайды 7
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары