$ 488.26  530.54  5.03

«Әкесіне ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған»: Шерзаттың өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

Қара жамылған отбасының үйін өртеу дерегіне қатысты іс те тергеліп жатыр. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы қанды оқиға бойынша істің тергелуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Талғардағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеу амалдары тұрақты бақылауда тұрғанын атап өткен жөн. Күдікті адамдар ұсталды және оларға айып тағылды. 15 қазан күні Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың қатысуымен брифинг өтіп, сол кезде істің мән-жайына қатысты түсінік берілді. Қайтыс болған жасөспірімнің әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын нақты айта аламын», – деді Ғ. Қойгелдиев.

Оның айтуынша, қара жамылған отбасының үйін өртеу дерегіне қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл тұрғыда тиісті сарапталар жасалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары