31.10.2024, 19:20

Ақтөбеде оңбай таяқ жеген келіншек көз жұмды

Фото: Pixabay

55 жастағы азамат өзі бірге тұратын 39 жастағы келіншекпен жанжалдасып, мас кезінде соққыға жыққан.

Оқиға 14 қазанда Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

55 жастағы азамат өзі бірге тұратын 39 жастағы келіншекпен жанжалдасып, мас кезінде соққыға жыққан. Ауруханаға жеткізілген келіншек екі аптадан кейін көз жұмған.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Полиция департаменті адам өліміне әкеліп соққан ауыр жарақат келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталды», - деді полиция.