$ 494.87  520.65  4.91

Екі ағасы кішкентай қарындасын зорлап келген: білім басқармасы түсінік берді

Ведомство оқиға 17 қыркүйек күні анықталғанын хабарлады.

Фото: Midjourney нейрожелісі
Фото: Midjourney нейрожелісі

Жамбыл облысында екі ағасы кішкентай қарындасын зорлап келген. Жамбыл облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ведомство оқиға 17 қыркүйек күні анықталғанын хабарлады.

Жағдайдың толық мән-жайын анықтау мақсатында облыс тарапынан жұмыс тобы құрылды.

Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Оны медициналық-әлеуметтік есепке алу туралы шешім қабылданды. Облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен қызға тиісті көмек көрсетіп, қазіргі таңда ішкі істер органдарының тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиға білім басқармасының қатаң бақылауында, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева екі зорлық зомбылық дерегі туралы айтты. 

Бір оқиғада Жамбыл облысында 13 жастағы қыз алты жыл бойы екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген.

Қылмыстық іс қозғалды. Қыз бен анасы қауіпсіз жерге жеткізілді, оларға қажет көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары өткізген комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары, директорға қатысты шара қолданылды. Бұл - ауылдағы жалғыз мектеп. Қыз сауалнамада психологқа белгі берді, бірақ қажет жұмыс жүргізілмеді, - деді Зәкиева бұған дейін.

Кейінірек екі ағасынан зорлық көрген қызға қатысты іс бойынша тың деректер шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары