31.10.2024, 22:30

«Енді дауысыңды естімеймін»: Белгілі блогер қаралы хабарымен бөлісті

Фото: justking31 инстаграм парақшасынан

Мен саған сирек айтсам да, мен сені жақсы көретінімді біл, әке.

Танымал блогер Нұртаза Нұрбек әкесінен айырылып қалғанын хабарлады, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде 7 миллионнан астам оқырманы бар Нұртаза Нұрбек әкесінен көз жазып қалғанын айтып, жазба қалдырды.

«Әкем бақилық болды. Менің әкем дәл өзің болғанына қуаныштымын. Енді мен сені ешқашан құшақтамаймын, дауысыңды естімеймін, күлкіңді көрмеймін. Мен анамның денсаулығы мен бақытты болуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын деп уәде беремін! Сізсіз, әрине, қиын болады, бірақ мен тырысамын. Мен сен үшін ең жақсы ұл бола алдым деп үміттенемін! Мен саған сирек айтсам да, мен сені жақсы көретінімді біл, әке», - деді Нұртаза Нұрбек.