$ 495.2  522.34  4.94

Өңір әкімдеріне құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында тұрғындар үйлерде жылудың жоқтығына жаппай шағымданған болатын.

Қала әкімі Еркін Баулықов Instagram-дағы парақшасында жағдайды түсіндіріп, тұрғындардан кешірім сұрады.

Саран қаласындағы жылу жағдайына байланысты Энергетика министрі бастаған комиссия құрылды. Комиссия құрамына энергия қадағалау саласының және тиісті органдардың өкілдері кірді. Алмасадам Сәтқалиев Сарандағы қазандықтың іске қосылмауының себептерін атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары