$ 495.2  522.34  4.94

Ақмола облысында көлік пойызбен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Тағы үш адам аурухунада жатыр.

Фото: instagram/step_notsleep
Фото: instagram/step_notsleep

Ақмола облысында жеңіл көлік мен локомотивтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полицияның дерегінше, оқиға 31 қазан күні сағат 22.30 шамасында болған. Audi В4 көлігі "Степногорск-Заводской" жолында келе жатып, бір жолды теміржол өткелінде үш бос цистернасы бар локомотив құрамымен соқтығысқан. 

"Апат салдарынан оқиға орнында көлік жүргізушісі қаза тапты, екі жолаушы ауруханада көз жұмды. Тағы үш жолаушы Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Қазір тергеу аясында оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары