$ 494.87  520.65  4.91

«Басқадан іздейді деп қорықтым»: Белгілі блогер күйеуі үшін омырауын үлкейткен (ВИДЕО)

Мен ешқашан әдемі кеуденің иесі болған емеспін. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі қазақстандық блогер Александра Югай күйеуі үшін маммопластика жасатып, омырауын үлкейткен. Блогер істеген ісіне өкінбейтінін, керісінше өзіне риза боп жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен ешқашан әдемі кеуденің иесі болған емеспін. Әдемі кеуде табиғатынан берілген арулар үнемі ашық көйлек киіп, қыздың әдемі жерін көрсетіп жүруіне болады. Жолдасым Ерасыл кеудеме операцмия жасатуды ұсынғанда, тіксініп қабылдадым. Қазір менің одан да маңызды істерім барын айтып, оған қазіргі тәнім ұнамайтынына ренжіп те алдым. Мәселе осымен жабылған еді. Бірақ кейін отбасы жайлы семинарды көріп отырып серіктесіңнің қиялын қолдау керек деген түсінікке келдім. Ол мұны басқа біреуден іздей ме деп қорықтым. Осылайша, күйеуім үшін төсімді үлкейтуге бел будым», - дейді Югай. 

Блогердің айтуынша, бұл отаны күйеуі үшін жасаса да, қазір айнадағы көрініс үшін өзі қуанып жүр.

«Киімім де жақсы қонады. Күйеуім, қарым-қатынас үшін жасаған әрекетімінің соңы қуанышқа осылай ұласты», - деп бөлісті ол. 

Алайда әлеуметтік желіде оны қолдап, жылы пікір жазғандар да, істеген ісінің дұрыс еместігін айтып даттағандар да болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары