Қазақстан аумағының көп бөлігінде сәрсенбі күні тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркірейді, жауын жауып, кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет»
Республиканың тек батысында, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн аптап ыстық болады деп болжануда.
Республиканың оңтүтігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстік-батысы мен орталығының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.Елордамыз Астанада таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күн ала бұлтты болады, аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз ауа температурасы +24+26° градусқа дейін ысиды, түнде – +16+18 C°.