$ 495.2  522.34  4.94

«5-6 бала туып, миы ашып жүреді»: Танымал психолог көпбалалы аналарға ақыл айтты (ВИДЕО)

Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, «агрессивная» болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғатын болсаңыз, бұл 6 баланың өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз.

Фото: instagram/yerzhan.myrzabayev
Фото: instagram/yerzhan.myrzabayev

Танымал психолог Ержан Мырзабаев балаларды бірінен соң бірін дүниеге алып келіп, жүйкесі мен денсаулығы сыр беретін көпбалалы аналарды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, баланың санына емес, сапасына, отбасында дұрыс тәрбие алуына мән беру керек. 

«Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Мен Қазақстанның демографиясының артуын әрине қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, «агрессивная» болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғатын болсаңыз, «нервный» болып, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде мүмкін 3-ақ бала туасыз. Бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өсетін болады. 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді», — деді психолог жеке парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 28
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары