Тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбеде әйелді ұрып өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның қай уақытта, қалай болғаны әзірге жарияланған жоқ.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалды.
"Ерлі-зайыпты емес, бірақ бірге тұрған. Қазір күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.