$ 495.2  522.34  4.94

Атышулы Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды

Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Талғардағы «Хутор» бандысының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев қамаққа алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхатты қарады.

Сот қаулысымен күдікті Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін полиция «Хутор» бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы мәлімдеме жасаған. Кейіннен оның ережесіз жекпе-жекпен айналысатын спортшыны аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Осы оқиғадан соң Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Анасы «баламды жазықсыз кінәлап отыр» деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары