$ 495.2  522.34  4.94

«Жазықсыз кінәлауда»: Атышулы Хасанның анасы Президенттен көмек сұрады

Кінәсін дәлелдеп берсін.

Фото: Хасан Қасымбаевтың инстаграм парақшасынан
Фото: Хасан Қасымбаевтың инстаграм парақшасынан

Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Гүлнар Нұракенова Президенттен көмек сұрады.

«Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін», — дейді Қасымбаевтың анасы.

Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Артынша полиция Қасымбаев не үшін ұсталғанын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары