$ 524.58  551.91  4.93

Шымкенттік әйел өзімен бірге тұрған ер адамды пышақтап өлтірген

Сотталушы істеген ісін мойындап, неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкент соты өзі бірге тұрған ер-азаматты өлтірген келіншекке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қылмыстық істі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

«2024 жылдың 5 қыркүйек күні кешкісін Таскен ықшам ауданындағы өз үйінде ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып, ас үйдегі пышақты алып, өзімен бірге тұрған ер адамның кеудесіне сұғып алған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз хабарламасында.

Сотталушы істеген ісін мойындап, неғұрлым жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары