$ 524.58  551.91  4.93

«Отбасы банкке» ресми мәртебе беріледі

Парламент Мәжілісі заң жобасын қабылдады.

Фото: freepik
Фото: freepik

«Отбасы банкке» ұлттық даму институты мәртебесі беріледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осындай Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады», - деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Заңнамадағы өзгерісті іске асыру үшін министрлік «Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беруді ұсынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары