06.11.2024, 11:20

АҚШ-тағы Президент сайлауында Трамп алда келеді

Фото: Euronews

Саясаткер 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбін жинады. 

АҚШ-тағы президент сайлауы тыныш жағдайда өтіп жатыр, бірақ америкалықтар арасында алаңдаушылық бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Харрис пен Трамп сайлаушыларының көпшілігі екінші тарап жеңілсе, саяси шиеленіс болуы мүмкін деп алаңдайды.

Шамамен 10 азаматтың 7-еуі (екі жақтан да) президент сайлауының нәтижесіне байланысты шиеленіс болуы мүмкін деп санайды.

Fox телеарнасының есептеулеріне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы мемлекет басшысына 178 сайлаушы дауыс берген, ал оның қарсыласы демократ Камала Харриске  — 113 адам дауыс берген.

Республикалық Дональд Трамп сейсенбіде АҚШ-та өткен президенттік сайлауда жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбіне ие болды. Fox News телеарнасы осындай болжам жасады.

Сонымен есептеулерге сәйкес, Дональд Трамп 178 сайлаушы дауысын жинаған, оның қарсыласы демократ Камала Харрис — 113.

Айта кетейік, Шығыс уақыты бойынша cағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 05:00) Джорджия, Индиана, Кентукки, Оңтүстік Каролина, Вермонт және Вирджиниядағы сайлау учаскелері жабылды.

Сағат 19:30-да Солтүстік Каролина, Огайо және Батыс Вирджиниядағы сайлау учаскелері жабылды.

Гавайи мен Аляскадағы сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де аяқталады.

Бірінші жалпыұлттық экзитпол мәліметтеріне сәйкес бүкіл елдегі сайлаушылардың 44 пайызы Трампқа оң көзқараспен қарайтынын айтқан, ал Харристі 48 пайызды қолдады.

Невада мен Пенсильваниядағы экзитпол нәтижелері Трамптың жеңісін көрсетеді, бұл штаттарда оған 47 пайыз дауыс берген.

Харрис Солтүстік Каролинада, Висконсинде жеңіске жетті, мұнда 47 пайыз дауыс жинады, ал Джорджияда 49 пайыз дауысқа және Мичиганда сайлаушылардың 48 пайызының қолдауына ие болды. Аризонада екі үміткер де 46 пайыз жинады.