$ 494.87  520.65  4.91

Астанада желдің ұйытқуы күшейеді: Ауа райына байланысты сабақтар қысқартылды

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Астана мектептерінде 6 қараша күні ауа райының бұзылып, желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.

Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.

Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  •  Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
  •  балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
  •  Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;
  • үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға   болмайды;
  • қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
  • жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары