$ 498.34  519.72  4.85

2025 жылы ең төменгі жалақы өсе ме?

Медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштерін салыстырсақ 34% айырмашылық бар.

Фото: canva
Фото: canva

Келер жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсе ме? Бұл мәселеге қатысты сұрақтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгінде елімізде ең төменгі жалақы 85 000 теңге. Келер жылы осы 85 мың теңге көлемінде қалады. Біз ең төменгі жалақыны тағайындау әдістемесін әзірледік. Ол бойынша жаңа еңбек өнімі мен медиандық жалақыны біріктірдік. Медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштерін салыстырсақ 34% айырмашылық бар. Біз енді әр жұмысшының еңбек тәуекелдері картасын жасап, жұмыс берушілермен бірлесіп қарастырамыз. Әрине, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында келісімшарт жасалады, ол еңбек кодексіне негізделеді. Бірақ, бизнес саласындағы кейбір жұмысшылардың медиандық еңбекақы мен ең төменгі жалақы көрсеткіштері 9%-ға жетпейді», - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша министр медиандық және ең төменгі жалақы арасындағы айырмашылықты 9%-дан 34%-ға арттыру жоспары барын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары