Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.
Астана мектептерінде 6 қараша күні ауа райының бұзылып, желдің күшеюіне байланысты сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет», - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.
Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз); балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды; Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз; үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін; қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды; қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті; жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.