Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін лауазымынан босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.