Сондай-ақ шығынға батып, күйзеліске ұшыраған азаматтарға моральдық қолдау көрсетеді.
Қазақстанның солтүстігінде интернет алаяқтармен күреске дін қызметкерлері тартылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро-ға сілтеме жасап.
Осылайша дін қызметкерлері тұрғындардың алданып қалмауының алдын алады.
Тәртіп сақшылары егде жастағы адамдар жиі интернет алаяқтардың құрбаны болатынын айтады. Ал зейнеткерлер көп жағдайда алданып қалғандарын кеш түсінеді. Сондықтан мүфтият өкілдері Алла үйіне намазға келген жамағатқа алаяқтардың қолданатын түрлі тәсілдері туралы айтады. Сондай-ақ шығынға батып, күйзеліске ұшыраған азаматтарға моральдық қолдау көрсетеді.
“Интернет алаяқтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу біздің заманымызда қажет. Кейбір алаяқтар мұсылмандардың қатарында "иә, бауырым ассалаумағалейкум" деген секілді терминдар арқылы адамдардың сеніміне кіріп, түбегейлі өз мақсаттарына қол жеткізуге тырысады. Көбіне сол бісмилла, ассалаумағалейкум, уағалейкум ассалам деген сөздерді, арабша сөздерді пайдаланып, адамдардың, әсіресе мұсылмандардың жамағаттарына жақын болуға тырысады”, – дейді Қызылжар мешітінің имамы Мұхаммед Абдулла.