Бұған қоса, компания республикалық автожолдардағы ауа райы туралы ақпарат берді.
Қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың барлығы ашық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ мәліметінше, келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
Ақтөбе облысы «Самара-Шымкент» автожолының 776-834 шақырымы аралығы; Ақтөбе облысы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 259-389 шақырымы аралығы; Қостанай облысы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 339-377 шақырымы аралығы; Ақмола облысы «Көкшетау-Атбасар» автожолының 47-184 шақырымы аралығы; Ақмола облысы «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырымы аралығы; Ақмола облысы «Астана-Ерейментау-Шидерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы; Павлодар облысы «Астана-Ерейментау-Шидерті» автожолының 200-254 шақырым аралығы.Бұған қоса, компания республикалық автожолдардағы ауа райы туралы ақпарат берді.
«2024 жылғы 7 қарашада Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қостанай мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қар жауады. Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша мағлұмат алуға болады», – деді мамандар.