08.11.2024, 11:40

Димаш Құдайбергенге арналған екі туынды Италия көрмесіне қойылды

Фото: dimashnews.com

ExpoMetro ұйымдастырған көрме әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілерді жинады.

Қазан айының соңында Миланда жарнамалық экрандардағы ең ірі халықаралық өнер көрмесі өтіп, италияндық "Dimash Italian Dears Club" фан-тобы Димашқа арналған екі туындыны ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дуомо жанындағы ІІ Корсо Витторио Эмануэледегі көрмеде Сильвия Уголоттидің "When I’ve Got You" әні тақырыбына графикалық жұмысы және "Scegliamo la pace" ("Біз бейбітшілікті таңдаймыз") логотипі бар постер ілінді.

ExpoMetro ұйымдастырған көрме әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілерді жинап, жарнамалық экрандар арқылы қоғамдық орындарда өнерлерін паш етуге мүмкіндік берді.