08.11.2024, 12:20

ШҚО-да әскери қызметші қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің өз-өзіне қол салғаны белгілі.

Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид, - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.