$ 495.2  522.34  4.94

Орал қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.

Фото: zko.sud.kz
Фото: zko.sud.kz

Орал қалалық сотының төрағасы пара алу күдігі бойынша қамауға алынды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловтың 5 қазан күні ұсталғаны белгілі болған. Мәліметтерге сәйкес, пара алу кезінде судья мен екі адвокат ұсталды. Олар сотталған азаматқа қатысты оң шешім үшін 1,5 миллион теңге алғаны туралы ақпарат тараған.

Аталмыш басылым мәліметінше, Руслан Жұмағұловты тұтқындауға санкция беру туралы өтінішті Астана соты қарады. Елордалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2024 жылғы 6 қарашада сотқа аға тергеушінің Руслан Жұмағұловқа қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Жұмағұловқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды. Сондай-ақ, сот тергеу сотына адвокаттарға қатысты материалдар түспегенін атап өтті.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары