$ 495.2  522.34  4.94

Демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, екпінді жел соғады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етіп, сондықтан ауа райы құбылып, қар жауады. Батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады.

 Жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады.

 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін көтеріледі.

 Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райының қандай болатынын айтқан болатын. Қараша айында жалпы Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендейтіні хабарланды.

Жауын-шашын мөлшері республиканың барлық дерлік аймақтарында қалыпты деңгейде немесе одан да көп болады деп болжанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары