$ 524.58  551.91  4.93

«Келіндер осылай отырса, жұлып алар еді»: Желіде бір орамалды бірігіп жапқан апалардың видеосы тарады

Осы тұста желі қолданушылары үлкен кісілердің бұл әрекетін сынай жөнелді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде бір орамалды бірігіп бастарына жауып алған апалардың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны 7su_obl атты желі қолданушысы өз парақшасына жүктеген. Бейнероликтен дастархан басында отырған екі апаның бір орамалдың астында отырғанын байқауға болады. Осы тұста желі қолданушылары үлкен кісілердің бұл әрекетін сынай жөнелді.

«Сумкасына бір жапырақ орамал салып жүрсе қайтеді? Осы апалар сарқыт жинайтын пакетті ұмытпайды», «Автобуста жанжал шығарып, жастарды жамандайтын апалар ғой», «Құдай төбесінен ғана қарайды деп ойлап отыр ғой», «Қайда келе жатқандарын білмей ме?», «Келіндер осылай отырса, жұлып алар еді», «Салфетка қоятындар бар ғой», — деп жазды олар. 

Алайдаа апаларды жақтап, видеоны рұқсатсыз жүктегендерді жазалау керек екенін жазып жатқандар да бар.

Бүгінде видео 700 мыңға жуық қаралым мен мыңнан аса пікір жинап үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 6
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары