$ 492.17  522.39  5

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты

Өрттен 66 жастағы анасы мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты.

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты. Отағасы мен оның кішкентай немересі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында болған. Тұрғын үйге жапсарлас салынған нысанда өрт шыққан. Өрт кезінде үйдің төбесі құлап, салдарынан әйел мен оның ұлы далаға шыға алмай қалған. Басқалары терезеден сыртқа шығып үлгерген.

«Өрт 5:52-де оқшауланып, 6:30-да толығымен жойылды. Өрттен 66 жастағы анасы мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты. Екі қолы күйіп қалған 58 жастағы отбағасы мен түтіннен улану белгілері бар 5 жасар немересі аудандық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары