$ 494.87  520.65  4.91

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірді

Ақпаратты Алматы қалалық соты растады. 

Фото: коллаж inbusiness.kz
Фото: коллаж inbusiness.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары процессуалдық мерзімге байланысты апелляциялық сот алқасына әлі жіберілген жоқ", – делінген сот хабарламасында. 

Соттың мәліметінше, Нұрасыл Болаттың Медеу аудандық №2 сотының шешіміне қатысты шағымы өткен аптада түскен. 

Еске салсақ, бұған дейін заңгерлер Олег пен Анна Черновты соққыға жыққаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын алған депутат Тұрлыхановтың ұлының түнгі уақытта кқшеде жүрген және тойда жүрген видеосы тараған болатын. 22 қазан күні Алматы соты Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасын пробация тәртібін бұзғаны үшін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Енді депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасының қалған 1 жыл 5 ай мерзімін орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары