Түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.
Жамбыл ауданындағы "Алматы-Бішкек" автожолының 76 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицияның алдын ала болжамы бойынша дөңгелектің жарылуына байланысты Nissan Elgrand көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігімен соқтығысқан. Кейін инерция бойынша Nissan Elgrand ағашқа соғылды.
«Апат салдарынан Nissan Elgrand жолаушысы салоннан қарамақарсы жолаққа ұшып кетіп, Lexus GS 300 көлігінің астына түсті. Жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.