12.11.2024, 19:00

«Ұршық иіріп, мәсі киіп отырған кемпір-шал елестейтін»: Ләйлә Сұлтанқызы қарттық жайлы сөз қозғады (ВИДЕО)

Фото: https://vk.com/photos381445575

Баяғыда 60 жасар кісілер үлкен ата-әже сияқты көрінетін.

 

Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы қарттық кезеңге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиа маманы өз шаңырағында жақын туыстарының басын қосып, қарттық жайлы сөз қозғады. 

“Қалай болар екен?! Баяғыда 60 жасар кісілер үлкен ата-әже сияқты көрінетін. Қазір қарап тұрсаң, 10-15 жылда өзіміз де сол жасқа келеді екенбіз. Кемпір-шал десе, ұршық иіріп, тоқыма тоқып, шайға нан батырып жеп, немере бағып, күбі пісіп, мәсі мен галош кигендер елестейтін. Өзімнің қартайған шағымды елестете де алмаймын. Қазір қалада тұратын үлкендерге жақсы. Бос уақытында театр, кино, концертке барады, дүкен аралайды. Ал ауылдағылар ше?! Сол кісілердің қалауын, арманын тыңдап, орындап жүргендер бар ма деп ойлап қоям”, – деп жазды журналист.