Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты жабуға қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Өздеріңізге айтқан ұсынымдарымды білесіздер. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек, Балаева әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда, ол жабылатынын айтты.
«Бірақ қазіргі таңда ондай сұрақ туындап отырған жоқ. Біз олармен нәтижелі бірге жұмыс істеп жатырмыз», - деді Аида Балаева.