$ 493.85  519.04  4.97

«Қор болған талант»: Жүк тасушы болып жұмыс істейтін ер адам өнерлі болып шықты (ВИДЕО)

«Бала күнімде музыка мектебін бітіргенмін», - дейді жұртты өнерімен қайран қалдырған ер адам.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Вокзал ғимаратында пианинода ойнаған ер адамның әрекеті жұртты қайран қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Бақтияр есімді ер адамның өнері Facebook желісінде жарияланды. Онда ол адамның «Алматы-2» теміржол вокзалында жүк тасушы болып жұмыс істейтіні айтылған.

«Бала күнімде музыка мектебін бітіргенмін», - дейді жұртты өнерімен қайран қалдырған ер адам.

Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Бақтияр бауырым, әлі кеш емес, сен мынадай дарыныңмен әлі шабасың», «Қор болған талант, фонограммамен айтатын шегірткелерді құрту керек», «Өмірің өтті-ау қор болып», «Қор болған өнер-ай, танылмаған талант-ай, қолдаушы болса ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 84
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#талант #Өнер