Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.
14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында алған жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай бүгін диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған.
"Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілдері.