$ 493.85  519.04  4.97

«Төсек қатынасынан бас тартқан»: Тараздағы екі әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты

«Екі әйелдің де жан тапсырғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, шайынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен Айман есімді әйелдің ұялы телефонын алып кеткен», - деп жазылған телеграм арнасында. 

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Қараша айының басында Таразда тіркелген жантүршігерлік қылмысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеграм каналдағы мәліметке сүйенсек, екі әйелді аяусыз пышақтап өлтірген жігіт 1996 жылы туған Павел Ш. есімді азамат. Қылмыс болатын түні ол өзі өлтірген әйелмен әлеуметтік желіде танысқан.

«Қаза тапқан екі әйел жеңіл жүрісті болған. Олардың үлкені, яғни, Света есімді әйел 2010-2016 жылдар аралығында жеңгетай болғаны үшін тізімде тұрған. Қаза тапқан екінші әйел, яғни, Айман есімді келіншек сол Светаның қол астында жұмыс істеген. Жезөкше болған», - деп жазады басылым.

Марқұмдардың екеуі де Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. Екеуі бірігіп айына 100 мың теңгеге пәтер жалдаған екен.

«2024 жылдың 5 қарашасында Айман «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде Павел деген ер адаммен танысқан. Сөйлескен кезде әйел жезөкше екенін, бір рет қатынасқа түскені үшін 7000 теңге алатынын айтқан. Түнгі сағат 01.30-да жігіт қолында ішімдігі бар Айманға келген. Оның ақшасын төлеп, бір рет төсектес болған. Алайда, оған «тоймай» қалған Павел әйелге «ақшасын артынан беремін, тағы бір рет жақындасайық» деп жалынған. Алайда, Айман олай істей алмайтынын айтып, киіне бастағанда жігіт оны қылқындырған. Айман есінен танған соң Павел ас бөлмеден пышақ алып, келіншекке жеті рет сұғып алған. Көрші бөлмедегі бұл айғай-шуды естіген Света өз бөлмесінен шығып, Айманның мәйітін көргенде қатты айқайға басқан. Павел оны да бас салған», - деп жазады Halyqstan

Қашып құтылмақ болған Света Павелдің мойнын тырнап алған көрінеді. Алайда, қашып кетуге шамасы келмеген оны жігіт 14 жерінен пышақтап өлтірген.

«Екі әйелдің де жан тапсырғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, шайынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен Айман есімді әйелдің ұялы телефонын алып кеткен. Әйелдердің мәйіті 7 қарашада табылған. Ал, полиция Павелді 8 қараша күні қолға түсірген. Ол кінәсін мойындап, екі адамды қалай өлтіргенін көрсетіп, пышақты да тауып берген», - деп жазады басылым.

Еске салсақ, қараша айының басында Тараздағы тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары