$ 493.85  519.04  4.97

«2,5 млн теңге»: Премьер-министр мен орынбасарларының айлығы белгілі болды

Айта кетерлігі, премьердің орынбасарлары арасында Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі қызметін, ал, Нұрлан Байбазаров ұлттық экономика министрі қызметін қатар атқарып жүр.

Инфографика: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Инфографика: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Премьер-министр Олжас Бектенов пен оның жеті орынбасары айына 2,5 млн теңге жалақы алады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйене отырып, finprom жазады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Дереккөз жазғандай, министрлер кабинетінің басшысы Олжас Бектеновтің бір айда алатын жалықысы 2,5 млн теңге. Бір қызығы, оның орынбасарлары, яғни, Роман Скляр, Ғалымжан Қойшыбаев, Мұрат Нұртілеу, Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин, Нұрлан Байбазаров пен Қанат Бозымбаев та айына 2,5 млн теңге жалақы алады екен. Айта кетерлігі, премьердің орынбасарлары арасында Мұрат Нұртілеу сыртқы істер министрі қызметін, ал, Нұрлан Байбазаров ұлттық экономика министрі қызметін қатар атқарып жүр.

«Қазақстандағы облыс әкімдерінің жалықысы 1,7 млн теңге, министрлердің жалақысы 1,5 млн теңге, мәжіліс депутаттарының жалақысы 1,3 млн теңге, ал сенат депутаттарының жалақысы 1,1 млн теңге жалақы алады. Бұл – Ұлттық статистика бюросы ұсынған ресми және ашық дереккөздегі мәлімет», - деп жазады дереккөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары