$ 493.85  519.04  4.97

Сақ болыңыздар! Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Батыс Қазақстан облысында үш адамнан құралған алаяқтар тобы пайда болды. Олар WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің чатына кіріп, зерттеп, ондағы адамдардан ақша сұрауды бастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, олар өзін құрбандарына баласы ретінде таныстырған. Телефоным сөніп қалды деп сылтауратып, басқа нөмірмен жазған.

“Қате шығып тұр, мама. Басқа карта бар ма?”, “Хабарлама келді ме, мама?”, “Менің жаңа нөмірім, сақтап қойыңыз”, “Осы нөмірде боламын”, деп жазған.

Осылайша күдіктілер жәбірленушілердің карта деректері мен CVV кодтарына қол жеткізген. Сосын қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырып алған. Залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары