Олардың авторлық құқығын қорғауға келгенде ешкім бас ауыртқысы келмейді.
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы 20 мың теңге төлеп, Ж.Нәжімеденов пен М.Мақатаевтың бір-бір өлеңінің авторы атанған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Зияткерлік меншік құқығын қорғауда да үлкен проблемалар бар. Өйткені біз креаторларды тізімге қосып алғанға мәзбіз, бірақ олардың авторлық құқығын қорғауға келгенде ешкім бас ауыртқысы келмейді. Креаторлар адвокат жалдап, сан соғып жүруге мәжбүр. Біздің елімізде 15-16 авторлық қоғам бар. Олардың жұмысына қатысты да көптеген сын бар. Авторлық қоғамға адамдардың шығармашылығын тұтынғаны үшін түсетін ақшаның 70%-ын қоғам өзі алып қалады, ал қалған 30%-ын авторға береді. Бір авторлық қоғамға барып, 20 мың теңге төлеп, Ж.Нәжімеденов пен М.Мақатаевтың бір-бір өлеңінің авторы атанған азаматтың бірімін. Олар «кассаға төлеңіз, авторлық құқық береміз» деді. Ешкім тексеріп жатқан жоқ», - деп ол Мәжілісте креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылау барысында.