$ 495.95  524.37  4.98

AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде AMANAT партиясының Biz Birgemiz қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат тарап жатыр.

Коллаж: Qaz365.kz
Коллаж: Qaz365.kz

AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде AMANAT партиясының Biz Birgemiz қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты, AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы саналмайтынын (толық атауы: «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ) және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндіре кету қажет деп санаймыз, – деді партия.

Айта кетейік, биыл сәуірде AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты су тасқыны кезеңінде апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс жүргізді. Белсенділер мен волонтерлер көптеген қайырымдылық ұйымы, соның ішінде «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚБ қоры жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге атсалысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары