65 жастағы Кэролайн немересі болған кезде оны алғашында тегін қараған.
Англияда 65 жастағы Кэролайн Даддридж немерелерін баққанына ақша алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
65 жастағы Кэролайн немересі болған кезде оны алғашында тегін қараған. Біраз уақыттан кейін қызы екінші баласын дүниеге әкелді. Сол үшін әйелдің жұмысы артып, ол еңбегіне ақша аламын деп шешкен.
Айтуынша, қызы ренжіп, оны “өзімшіл” деп айыптаған.
"Иә, мені өзімшіл деп аяусыз айыптады. Бірақ мен немерелеріммен неге тегін отыруым керек?", – деді Кэролайн.
Әйел енді күтуші болып 10 жыл жұмыс істеп, 30 мың доллар (14 миллион 860 мың теңге) жинаған.