$ 495.95  524.37  4.98

Ақтөбе облысында жантүршігерлік қылмыс болды

Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында әйел анасын ұрып өлтірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаменті "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары