$ 497.26  525.21  4.97

Еліміздің оңтүстігінде ауа райы бұзылады

Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады, батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп күтіледі. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбі, 2024 жылғы 19 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Оған сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Елдің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі", деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ, республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады, батыста, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады деп күтіледі. 

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары