$ 497.26  525.21  4.97

«Көрсін қандай болатынын»: Желіде келінің артынан келген ыдыстарын сындырған ененің видеосы тарады (ВИДЕО)

Бүгінгінің келіндерімен бірге тұру мүмкін емес. Берекені кетірмей бөлек шығарған дұрыс-ау.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Желіде ашулы әйелдің ыдыс сындырып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан жазылған сөзге қарағанда енесі келінінен өш алғанға ұқсайды.

"Оңбаған келінім менің жоқтығымды пайдаланып барлық ыдысымды "ескі" деп лақтырып тастапты. Мен де ол жоқ кезде артынан келген ыдыстарды сындырдым. Көрсін қандай болатынын", - деп жазылған видеода.
 

Ал әйелдің бұл әрекеті желі қолданушыларына жақпай қалды.

"Келін алған соң ас үйде оған еркіндік беру керек. Не лақтырады, не сатып алады өзі білуі керек. Асханаңызды қимасаңыз, еншісін беріп бөлек жіберіңіз", "Енесіне келіні сай, екі қояншық", "Бұл ыдыстарды ата-анасы қанша уақыты мен ақшасын жұмсап алып берді ғой. Дүние үшін осындайға барған ба? Құдай сақтасын!", "Ескіні тастамай жаңа нәрсе келмейді. Келін өзінің жаңа ыдысын ұстайын деген шығар", "Бүгінгінің келіндерімен бірге тұру мүмкін емес. Берекені кетірмей бөлек шығарған дұрыс-ау", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 19
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары