19.11.2024, 19:20

Әлемге әйгілі Брюс Лидің өліміне қатысты тың дерек шықты

Фото: Pixabay

Мамандар тобымен бірге ол аутопсия деректерін талдап, актердің сирек ауру - гипонатриемиямен ауыратынын анықтады.

Танымал актёр 1973 жылы шілдеде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Осыған дейін оның өліміне қатысты түрлі болжамдар айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Вечерний Санкт-Петербург» басылымының дерегіне сүйенсек, танымал киноактёр және жекпе-жек шебері Брюс Ли 51 жылдан астам уақыт бұрын Гонконгта жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Испандық дәрігерлер оның өлімінің себебі сумен байланысты деп есептейді.

1973 жылы 32 жастағы актёр қайтыс болғаннан кейін оның өлімінің себебін түсіндіруге тырысатын түрлі гипотезалар пайда болды. «Бандиттер тапсырыс беріп өлтірді», «Аптап ыстықтан көз жұмды» деген болжамдар айтылған еді.

Мадрид ғылыми институтының қызметкері Присцилла Вильявальсо Clinical Kidney Journal журналында Брюс Лидің өлімінің себебі су, дәлірек айтсақ, оның артық мөлшері болуы мүмкін деген мақала жариялады. Мамандар тобымен бірге ол аутопсия деректерін талдап, актердің сирек ауру - гипонатриемиямен ауыратынын анықтады. Ауру пайда болған кезде бүйрек артық суды денеден шығара алмайды. Осылайша, Лидің басына тым көп сұйықтық жиналған көрінеді.

Қазір біз жалпыға қолжетімді ақпаратты талдау негізінде өлімнің себебі – гипонатриемиядан туындаған церебральды ісіну болды деп болжаймыз. Басқаша айтқанда, бүйректің артық суды кетіре алмауы Брюс Лиді өлтірді деп есептейміз, - делінген басылым материалында.