20.11.2024, 04:30

«Қазақтар ешқашан жеңіске жетпейді»: Ресейлік спортшы Қазақстан футболын сынады

Фото: instagram.com/aleksandr_mostovoy_10

Қазір тіпті, гол соқпай жүр.

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой Қазақстан командасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысын сынады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы “РБ-Спорт" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 5 рет жеңілді және 1 рет қарсыласпен тең ойнады. Сондай-ақ ұлттық команда бірде-бір гол соқпай, 6 матчта 15 гол өткізіп алды. Мұндай көрсеткішпен Черчесов шәкірттері B3 тобында соңғы орынға тұрақтап, C дивизионына түсіп кетті. 

"Черчесов cекілді Гвардиола да Қазақстан құрамасымен жеңіске жете алмас еді. Станислав қайда бара жатқанын және нәтиже қандай болатынын білді. Қазақтар маған ренжімесін, бірақ олар ешқашан ештеңе жеңіп алмаған және жеңбейді де. Қазақстанда жаңа Месси пайда болмайынша солай болып қалады. Бір қызығы, Қазақстан құрамасы Черчесов келгенге дейін, Магомед Адиев бас бапкер болған кезде жақсы ойнады. Ал қазір тіпті гол соқпай жүр. Шамасы, Станислав жұмыстан қуылып, Ресейге оралатын сияқты", - деді Мостовой.