$ 515.31  533.96  5.3

«Ваннада шомылып жатқан»: Ақтауда бір жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды

Өлімнің себептері әлі белгісіз.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 4 қараша күні Ақтау қаласында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпаратты Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі растады.

Өлімнің себептері әлі белгісіз.

"29-шы шағын аудандағы №3 үйден 4 қараша күні сағат 22:38-де бір жасар баланың жағдайына байланысты қоңырау түскен. Шамамен 15-20 минут бұрын бала су толтырылған ваннада шомылған. Сәби жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған", – делінген Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары