20.11.2024, 13:20

Павлодар тұрғыны тірідей жанып кетті

Фото: Pixabay

Оқыс оқиға Бекмаханов көшесіндегі жеке ғимаратта болды.

Павлодарда өрт сөндірушілерге таңғы уақытта жеке тұрған ғимараттың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар қызыл жалынды сөндіріп, оқиға орнынан ер адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға Бекмаханов көшесіндегі жеке ғимаратта болды.

«Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жеке ғимараттың өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сөндіру кезінде екі газ баллонын алып шықты. Жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрайтын өрт тез арада сөндірілді. Өрт орнынан ер адамның мәйіті табылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің себебі анықталып жатыр.