$ 495.2  522.34  4.94

Түркістанда бас мүфтидің келуіне орай имамдардан ақша жиналғаны рас па?

Бас мүфти сапарының шығындары Діни басқарманың есебінен төленген.

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz

Желіде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және Діни басқарма қызметі мен Түркістан облысының бас имамы Төлепов пен іс басқарушы Тұрлыбековке қатысты ақпарат тараған еді. Онда бас мүфтидің келуіне орай Түркістан облысы имамдарынан ақша жиналғаны айтылған. ҚМДБ бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл жайттардың ақ-қарасын анықтау үшін Діни басқарма жанынан арнайы тексеру комиссиясы құрылып, комиссия мүшелері Түркістанға барып, тағылған айыптарға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.

Ресми жауапта бұл ақпарды жоққа шығарып отыр.  

"Түркістан облысында бас мүфтидің келуіне орай имамдардан ақша жиналмаған. Банк арқылы жіберілген қаражат демеушілер тарапынан берілгені және сол қаражат қайырымдылық жұмыстарға, ауыз ашар дастарқанына, республикалық Құран жарысына, конференция ұйымдастыруға, баспасөзге жазылу сынды іс-шараларға жұмсалғаны анықталды. Аттестация мүшелері үшін ақша жинау дерегі анықталмады және гонорар берілмегені дәлелденді. Бас мүфти сапарының шығындары Діни басқарманың есебінен төленген. Мешіт балансындағы қызметтік көлік жыл барысындағы барлық шығындары мешіт есебінен төленбеген болып шықты", - делінген жауапта. 

Облыстық мешіттің кіріс-шығыс қаражаты толықтай тексеріліп, ешқандай заңбұзушылық пен мақсатсыз қаржы жұмсау дерегі анықталмаған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты ресми дерек көздеріне сүйеніп, жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары