Күдікті 32 жаста және жергілікті тұрғын екені атап өтілді.
Семейде кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған мұғалім қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қылмыстық іс жәбірленушінің анасының арызы бойынша қозғалды.
Оқиға биыл шілдеде болған. Күдікті 32 жаста және жергілікті тұрғын екені атап өтілді.
"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Семей қаласының білім бөлімі күдіктінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі екені және мекемеде 2022 жылдан бері жұмыс істейтіні туралы ақпаратты растады. Желіде жәбірленушінің сегізінші сынып оқушысы екені де хабарланды.
Білім басқармасының мәліметінше, қыз мектепке баруын жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді.
Мұғалім әлі жұмыстан шығарылмаған, бірақ сабақ өткізіп жүрген жоқ.
"Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді", – деп хабарлады білім басқармасы.